Жаңалықтар

WBC чемпионы Головкинді Терминаторға теңеді

ашық дереккөзі

WBC чемпионы Головкинді Терминаторға теңеді

WBC чемпионы Головкинді Терминаторға теңеді. WBC нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионыі Тони Бель (29-2-1, 19 КО) алда өтетін Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz. «Головкин күші зор, мықты спортшы. Ол тек алға ғана жүреді. Оны Терминатор деп атасаңыз да болады. Сондай-ақ, ол кез келген жағдайға икемді. Головкиннің бұл қасиетін бағаламау мүмкін емес. «Канелода» күшті боксшы. Оның үстіне ол мықты қорғана алады. Сондықтан  бұл жекпе-жек өте қызық, тартысты болуы керек», - деп атап өтті британдық боксшы Тони Бель.  Оның сөзіне қарағанда, Головкин ұпай саны бойынша жеңіске жетеді, әйтпесе жекпе-жектің соңына қарай қазақстандық спортшы қарсыласын нокаутқа жіберуі әбден мүмкін. «Менің ойымша, екі боксшы  алғашқы 4 раундта өте сақ қимылдайды, сосын «Канело» стилистикалық үздік бокс үлгісін көрсетеді. Алайда ол Головкиннің соққыларына шыдас бере алады ма?», -  дейді әлем чемпионы. Еске сала кетейік, 16 қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жұдырықтасады. Осы жекпе-жекте Альварес GGG-дің тек екі атағы - WBA мен IBF белбеулері үшін ғана таласады. Головкин ұтылып қалса, оның тағы екі белбеуі - WBC мен IBO бос қалып, оны басқа боксшылар өзара сарапқа салады. Ал қазақстандық боксшы жеңіске жетсе, төрт белбеуіне тағы The Ring журналының арнайы белбеуін қосып алады. Аталған басылым оны арнайы Альварес үшін шығарған болатын.