ИЫҰ саммитінің Астана декларациясы қабылданды

ИЫҰ саммитінің Астана декларациясы қабылданды

ИЫҰ саммитінің Астана декларациясы қабылданды
ашық дереккөзі
 Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінде Астана декларациясы қабылданды. ИЫҰ саммитінің «21 ғасырдағы қоғам өміріне ғылым ықпалының артуы» тақырыбындағы бірінші жұмыс отырысын қорытындылаған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселенің барша адамзат үшін өзекті екендігін атап өтті. «Алайда саланы дамыту үшін бұл мәселеге қатысты бірлігіміз берік екендігін өзге елдерге таныта білуіміз керек. Саммиттің саяси қорытынды құжаты Астана декларациясының қабылдануы сол бірлігіміздің дәлелі  болуға тиіс деп ойлаймын. Осы орайда, Астана декларациясы қабылданды деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммит декларациясының қабылдануы бәрімізге құтты болсын!», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Бұған дейін хабарланғандай, 10-11 қыркүйек күндері елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым мен технологиялар жөніндегі бірінші саммиті өтуде. Саммитке ИЫҰ-ға мүше елдердің, сонымен қатар халықаралық және өңірлік ұйымдардың 80-ге жуық делегациясы қатысуда.