Трамп Флориданы ірі апат аймағы деп жариялады

Трамп Флориданы ірі апат аймағы деп жариялады

Трамп Флориданы ірі апат аймағы деп жариялады
ашық дереккөзі
Трамп Флориданы ірі апат аймағы деп жариялады. АҚШ президенті Дональд Трамп Флорида штатының губернаторы Рик Скоттың аталған штаттың аймағын ірі табиғи апат аймағы деп жариялау жөніндегі ұсынысын бекітті, деп хабарлайды ТАСС. Аталмыш шешім федералдық қаржыны «Ирма» дауылынан зардап шеккендерге ешқандай кедергісіз жұмсауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің белгіленген мөлшерден тыс жұмысына өтемақы төлеуге мүмкіндік береді, деп түсіндірді губернатор. Ол мемлекет басшысының жіберілген өтінішті аздаған уақыттың ішінде-ақ бекіткендігін жеткізді. «Ирма» дауылы төніп тұрғанда Флориданы ел халқы түгел қолдайтыны түсінікті. Мен сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтардың Флоридаға қолдау көрсеткісі келетінін білемін. Бұл әрине, адамның ризашылығын тудырады. Сол себепті мен Флорида тұрғындарының атынан бізге көрсетіліп отырған қолдауды, ынтымақтастықты жоғары бағалайтынымызды айтып өткім келеді»,-деді губернатор.