Астанада дәулеттілер тұратын тұрғын үй кешенінде лифт құлады

Астанада дәулеттілер тұратын тұрғын үй кешенінде лифт құлады

Астанада дәулеттілер тұратын тұрғын үй кешенінде лифт құлады
ашық дереккөзі

Астана тұрғыны елордадағы "Гранд Астана" тұрғын үй кешеніндегі лифттің құлап кеткені туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ. 

Қымбат Ақжан есімді қолданушы Facebook желісіндегі "Астана. Мақтағым/даттағым келеді" тобында орын алған жайт туралы айтып берді.

Ол лифттің құлап кеткенін Астана әкіміне жеткізген. Әйелдің ақпаратына сүйенсек, лифт сағат 21.00 шамасында құлап кеткен. "Зардап шеккендер бар. Лифт компаниясымен бұл мәселені шешіп беріңіз", - деп жазды Астана тұрғыны.
Ал Әсет Исекешев болса, өз кезегінде автордың жазған жазбасына назар аударып, тексеру жүргізуге уәде берді.
 "Қабылданды. Аталған компания тексереміз. Үй тұрғындары неліктен жеке меншік үйлер кооперативтері арқылы лифттік компанияны тексеріп, толық жөндеу жұмыстарын жүргізуді талап етпейсіздер?", - деп жазды қала әкімі.