Лаңкестер Сирияның Дейр-эз-Зор қаласын талқандады

Лаңкестер Сирияның Дейр-эз-Зор қаласын талқандады

Лаңкестер Сирияның Дейр-эз-Зор қаласын талқандады
ашық дереккөзі
Ирак және Левант лаңкестік тобы Дейр-эз-Зор қаласын зымыранмен атқылады, деп хабарлайды 24.kz.  Храбаш ауданында 7 бейбіт тұрғын қаза тауып, 29 адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Айта кетейік, мыңдаған тұрғыны бар Дейр-эз-Зор қаласы 3 жылдан астам уақыт лаңкестердің қоршауында болды. Осы аптаның басында Сирия үкіметінің әскері шаһар маңындағы экстремистік топтың шебін бұзды. Әскерилер мен олардың одақтастары ауыр артиллерия және Ресей әуе күштерінің көмегімен экстремистер шоғырланған жерге ойсырата соққы берді.