EXPO қалашығында отандық дизайнерлердің сән көрсетілімі өтті

EXPO қалашығында отандық дизайнерлердің сән көрсетілімі өтті

EXPO қалашығында отандық дизайнерлердің сән көрсетілімі өтті
ашық дереккөзі
Қазақстан дизайнерлерін қолдау мақсатында БҰҰ Даму Бағдарламасы EXPO-2017 аумағында сән көрсетілімін ұйымдастырды. Іс-шара жасыл экономикаға назар аударту, сондай-ақ Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторында жұмыс орындарын ашу мақсатымен өткізілді. «Аспара» сән үйінің бас дизайнері Айдархан Қалиев соңғы жинағын көрсетті. Сонымен қатар, көрсетілімге Ақтау қаласының қазақ ұлттық киімдерін тігетін «Тарби» салоны қатысты. Аталмыш сән үйі «Адайқыз» және «Ақбөбек» атты соңғы интерьер жинақтарын Оңтүстік Корея, Ресей, Болгария, Македония, Түркия және Түркменстан мемлекеттерінде көрсетті. Қойылымды Қызылорда облысының өкілдері Қожантаева Салтанат пен Өтепова Куляйнаның үлгілері тәмамдады. «Соңғы үш жылда біз қолөнерді белсенді қолдап келе жатырмыз. Қолөнер саласы шикізат нарығынан тәуелсіз экологиялық таза материалдарды пайдаланатын «жасыл» жұмыс орындарының пайда болуына көмектеседі. Бұған қоса, қолөнершілер өздеріне және олардың отбасыларына лайықты табыс әкелетін жұмысқа ие болады», - деді БҰҰДБ Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерель. «Біз жүзден астам шеберлерді қолдадық, олардың отыздан астамы басқа мамандарды дайындайды және жасыл экономиканы дамытуға үлес қосып жүр», - деп қосты Мунхтуя ханым. Қазақстандағы БҰҰДБ 2014 жылдан бастап ауылдық жерлерде жұмыс орындарын құру және қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында Қазақстанның әр түрлі облыстарындағы өңірлік бағдарламалар шеңберінде қолөнершілерді қолдап келеді.