Иранға 18 тонна қой еті жіберілді

Иранға 18 тонна қой еті жіберілді

Иранға 18 тонна қой еті жіберілді
ашық дереккөзі
Иран мемлекетіне 18 тонна қой еті жіберілді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен Иран мемлекетінің бірлескен жұмысы аясында Қазақстаннан Иранға тірі мал және салқындатылған қой етін жеткізуге ветеринарлық талаптары келісілген болатын. Сонымен қатар, Қазақстаннан Иранға мұздатылған қой етін экспорттау талаптары да мақұлданған. Иран нарығына қой еті мен тірі малды экспортқа шығару Таяу Шығыс елдеріне ( БАӘ, Сауд Арабия, Кувейт, Катар және т.б.) экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысынан Иран мемлекетіне жөнелтілген кезекті 18 тонна салқындатылған қой еті осы келісімдердің нақты нәтижесі деп атап өтуге болады. Естеріңізде болса, Оралдық шаруалар бұған дейін де 18 тонна қой етін экспорттаған болатын.