Қазақстан ОПЕК алдындағы міндеттемесін орындап жатыр
Қазақстан ОПЕК алдындағы міндеттемесін орындап жатыр
Қазақстан ОПЕК алдындағы міндеттемесін орындап жатыр. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан ОПЕК алдындағы өзінің міндеттемелерін дұрыс орындап жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ОПЕК-ке кірмейтін елдердің қатарындағы Қазақстан, бірінші кезекте Мексика ұйыммен келісім бойынша өзінің міндеттемелерін 90 пайыздан астам деңгейде орындап жатыр. Атап айтқанда, ОПЕК-ке кірмейтін елдерге қарағанда, оның құрамындағы мемлекеттер өздерінің міндеттемелерін төмен деңгейде орындап жатыр. Яғни, бұл бірінші кезекте Ливия мен Нигерияға қатысты. Біз олармен салыстырғанда келісімді орындап келеміз", - деді министр XI Еуразиялық KAZENERGY форумы аясында тілшілерге берген сұхбатында. Оның сөзіне қарағанда, тамызда Қазақстан өзінің міндеттемесін асыра орындады, яғни 1 млн 680 мың баррель мұнайды өндіру жоспарда болғанымен, еліміз 1 млн 643 мың баррельді өндірді. «Қыркүйектің бастапқы жеті күнінде де осындай жағдай байқалды. Бұдан бұрын айтқанымыздай, орташа жылдық көлемде Қазақстан өзінің міндеттемесін орындайды. Сондықтан еліміз келісімді тиісті деңгейде жүзеге асыратын болады",-деді Бозымбаев. Бұдан бұрын хабарланғандай, ОПЕК және одан басқа 10 мемлекет тоғыз айға мұнайды өндіруді шектеу туралы келісімді ұзарту шешімін қабылдады. Осы орайда бұл уағдаластық 2018 жылғы наурыздың соңына дейін жалғасады.