Тәжікстан билігі SMS арқылы азаматтарды ұлттық киім киюге шақырды
8 қыркүйек, 2017 /
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
Тәжікстан билігі SMS арқылы азаматтарды ұлттық киім киюге шақырды
Тәжікстан билігі SMS арқылы азаматтарды ұлттық киім киюге шақырды. Тәжікстанда мобильді операторлар абоненттері 6 қыркүйекте таңертең ерекше SMS-хабарлама алды. Онда тұрғындарды тек қана ұлттық киім киюге шақырған.
"Ұлттық киім кию міндетті!", "Ұлттық киімді құрметтеңіз", "Ұлттық киім кюді әдетке айналдырайық" - осындай SMS-хабарламалар 6 миллионнан астам адамның мобильді телефонына келген.
Еске салайық, Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы 23 тамызда "Салт-дәстүрлерді реттеу туралы" заңға өзгерістер енгізіп, тұрғындарды ұлттық киім киюге міндеттеді.
Бұған дейін Тәжікстан мемлекеттік органдарының қызметкерлері астана тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізген.