Жаңалықтар

Өзбекстан жыл бойы егін егеді

ашық дереккөзі

Өзбекстан жыл бойы егін егеді

Өзбекстан биылдан бастап жыл бойы егін еге бастайды. Бұл туралы ауыл және су шаруашылығы министрі Зойир Мирзаев мәлімдеді. Оның айтуынша, сол арқылы ел көкөніс экспортын ұлғайтуды көздеп отыр. "Президенттің ұсынысымен біз биыл бидай жинаған соң оның орнына көкөністің бірнеше түрін ектік. Олардың 40 пайызы - бұршақ мәдениеті. Биыл республиканың оңтүстік өңірлерінде қазан айында картоп, сәбіз және қызылша отырғызылады. Өзбекстан бұны бірінші рет жасағалы отыр. Нәтижесі жаман емес", - деді министр. Қазіргі таңда Өзбекстан жыл сайын шамамен 20 миллион тонна жеміс көкөніс өнімін егеді. Соның бір тоннадан астамы экспортталады. Сыртқы сауда жыл өткен сайын артып келеді. Республика әлемнің 80 елімен сауда жасайды.