Пышақ жарақатын алған Ұлттық ұлан курсанты мерт болды

Пышақ жарақатын алған Ұлттық ұлан курсанты мерт болды

Пышақ жарақатын алған Ұлттық ұлан курсанты мерт болды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанты пышақ жарақаттары салдарынан көз жұмды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.  7 қыркүйек күні сағат 14.45-те Ұлттық ұланның Әскери институтының лазаретіне 3-інші курстың курсанты, қатардағы сарбаз Г.А.Тұрсын сұғылған пышақ жарақатымен жеткізілді. Медициналық персонал және оқиғаға байланысты шұғыл жеткен екі жедел жәрдем бригадасы оған жан-жақты медициналық көмек көрсеткен. Алайда, олардың күш-жігері нәтижесіз болып, сағат 15.45-те курсат көз жұмды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың мән-жайы анықталуда. Қызметтік тексеру басталды. Институтта СҚО ІІД-нің шұғыл-тергеу тобы, Әскери-тергеу басқармасы мен Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының қызметкерлері жұмыс істеуде. Оқиғаға екі әскери қызметші арасындағы өзара түсініспеушілік себеп болған. Екінші әскери қызметшінің есімі анықталды, бірақ тергеу мүддесіне орай жарияланбайды. ҚР Ұлттық ұланының басшылығы курсаттың туыс-туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Қаза болған курсант Ғалымжан Тұрсын 1997 жылы 11 қарашада дүниеге келген. Ұлттық ұланға 2015 жылдың 3 тамызында қабылданды.