Ақтөбе облысындағы өрттен тағы 2 адам қаза тапты

Ақтөбе облысындағы өрттен тағы 2 адам қаза тапты

Ақтөбе облысындағы өрттен тағы 2 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Сұлукөл ауылы маңында болған дала өртінен қаза тапқандардың саны 4 адам болды, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданында осы оқиға болған күні ауылдық округтің 38 жастағы әкімі мен 39 жастағы мектеп мұғалімі көз жұмған еді. Ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген тағы екі тұрғын түнде қайтыс болды. Марқұмдардың денесін күйік шалған. Облыс орталығынан санитарлық авиация қызметі барып, қажетті медициналық көмек көрсетті. Астанадағы күйік орталығының білікті мамандары телемедицина арқылы кеңес беріп отырған. Алайда науқастарды құтқару мүмкін болмады. Айта кетейік, күннің ыстығында тұтанған от 15 мың гектар алқапқа тарап, жергілікті әкімдік пен еріктілер тобы өртті өздері сөндірмек болған. «Зардап шеккен 2 адам өкінішке орай қайтыс болды. Екі маман реанимотолог және комбустиолог дәрігер, күйік дәрігер қастарында болды. 90-95-100 пайыздай күйіктері болды. Медицина тілімен айтқанда, термоингаляциялық демалу жолдарының күйігі. Ол ең қауіпті жағдайдың бір түрі», – облыстық жедел-жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Марат Жанқұлов.