БҰҰ Сирияға химиялық қару қолданды деген айып тағуда

БҰҰ Сирияға химиялық қару қолданды деген айып тағуда

БҰҰ Сирияға химиялық қару қолданды деген айып тағуда
ашық дереккөзі
Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирия үкіметін елде бірнеше рет химиялық қару қолданды деп айыптады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Ұйымның тәуелсіз комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, билік әскері 20-дан аса химиялық қару қолданған. Әсіресе Хан-Шейхун қаласында жиі пайдаланған. Еске сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын Сирияның әскери әуе күштері елді мекен маңайына тыйым салынған зарин газымен бомба тастаған еді. Шабуылдан 100-ге жуық адам қаза тапты. Дені – әйелдер мен балалар. 200-дей адам зардап шекті. Шабуылдан кейін Сирия оппозициясы мен Батыс елдері қаруды үкімет жасағы қолданды деп дабыл қақты. Алайда ресми Дамаск шабуылды мойындаған жоқ.