Франция мұнай мен газдан бас тартпақшы
Франция мұнай мен газдан бас тартпақшы
2040 жылға таман Франция мұнай мен газ өндірісінен бас тартатын әлемдегі алғашқы мемлекет болуы мүмкін. Елде дизель және бензинмен жүретін автокөліктер саудасы да тоқтатылмақ.
6 қыркүйекте үкімет қарауына түскен заң жобасы бойынша, ел аумағында жаңа кен орындарын ашуға лицензия беруді біртіндеп азайта бастайды.
Мұнай мен газды өңдеу және оның импорты жүре береді, өйткені Францияның өзі жылына бар болғаны 6 миллион баррель көмірсутек отынын өндіреді.
Климат жөніндегі Париж келісімін орындау мақсатында Франция 2022 жылға таман көмірмен жұмыс істейтін ЖЭЦ-тен бас тартады, бұған қоса электр қуаты өндірісіндегі атом электр станцияларының үлесі 50 пайызға дейін азайтылады.