Әблязовтың сыбайласы деп айыпталған Жанболат Мамай сотта соңғы сөзін айтты

Әблязовтың сыбайласы деп айыпталған Жанболат Мамай сотта соңғы сөзін айтты

Әблязовтың сыбайласы деп айыпталған Жанболат Мамай сотта соңғы сөзін айтты
ашық дереккөзі
«Әблязовтың ұрлаған қаржысының бір бөлігінің ізін газеті арқылы жасырған» деген айыппен істі болған журналиске сейсенбі күні сотта соңғы сөзін айту мүмкіндігі берілді, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 
Қыркүйектің 6-сі күні Алматы қаласының Медеу аудандық 2-сотында «Трибуна. Саяси қалам» газеті бас редакторының міндетін атқарушы Жанболат Мамайға қатысты сот процесі ары қарай жалғасты. Бүгінгі сот отырысы тек қана Жанболат Мамайдың соңғы сөзімен басталып, сонымен аяқталды. Ол қыркүйектің 4-інде өткен жарыссөзден соң ізінше соңғы сөз сөйлеуге дайын екендігін айтқан, бірақ судья Дәурен Мәукеев рұқсат етпеген. "Жанболат Мамай соңғы сөзінде өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтты. Оның сөзінше, «Трибуна. Саяси қалам» газеті ешкімнің тапсырысын орындаумен шұғылданбаған, тәуелсіз болға,м». – Газетте не жазу керектігі туралы ешкім нұсқау бере алған жоқ. Редакция саясатын осы газеттің қызметкерлері мен авторлары ғана анықтады. 2012 жылдан бастап қолға алған жобаны ұйымдастыруға Төлеген Жүкеев көмектесті. Жақсылық Жарымбетов ақшалай көмектескені де рас. Бірақ одан алған көмегім заңға қайшы емес болатын. Жарымбетов азаматтық қоғамды дамыту үшін көмектескісі келді. Мен қазірдің өзінде Жақсылық Жарымбетовке ренжімеймін, – деді ол. Ол жарыссөз кезінде «БТА банк басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетовтен ақша алғанын, бірақ ол кезде Жарымбетовке қатысты ешқандай сот болмағанын, сондықтан оны қылмыс деп есептемейтінін» айтқан еді. Жанболат Мамай соңғы сөз кезінде осыған дейін айыптаушы прокурордың жазаны жеңілдету туралы ұсынысын қоғамның ықпалы деп санайтынын айтты. Жанболат Мамай бүгінгі сөзінде өзі қамауға алынғалы құқығын қорғап келе жатқан халықаралық құқық қорғау ұйымдарының Қазақстандағы өкілдіктеріне және өзі туралы мәлімет таратқан ақпарат құралдарына алғысын білдірді. Мамайдың соңғы сөзі біткен соң судья үкім сәрсенбі, қыркүйектің 7-сі күні сағат 12-де жарияланатын хабарлап, сот отырысын аяқтады.