ЭКСПО-ның жабылу салтанаты несімен таңғалдырмақ?

ЭКСПО-ның жабылу салтанаты несімен таңғалдырмақ?

ЭКСПО-ның жабылу салтанаты несімен таңғалдырмақ?
ашық дереккөзі
Астанада өткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылу салтанатына келген қонақтар болашаққа саяхат жасайды. Бұл туралы шара ұйымдастырушыларына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. 10 қыркүйек күні өтетін мультимедиялық шоуда «жасыл» технологиялар мен көрмеге қойылған ең үздік жаңалықтар көрсетіледі. Онда қонақтар ең үздік заманауи жетістіктер үйреншікті болып кеткен болашақ өмірді көре алады. «Қойылымда ЭКСПО-2017 көрмесінің адамзаттың болашағына қалай әсер ететінін, Көрмеге қойылған жаңа өнертабыстардың көмегімен әлемнің қалай өзгеретінін көрсетеміз. Басты рөлде адам ойнайды. Себебі, адам - теңдессіз технологиялық жетістіктердің авторы», - дейді жабылу салтанатының бас продюсері Борислав Володин. Ол шоудың әдемі ғана емес, пайдалы деректерге толы болатынын да атап өтті. Көрермендер алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтар мен Көрме туралы қорытынды статистикалық мәліметтерге қанық болады. Театрландырылған шоуға 2 232 адам қатысады, олардың арасында еріктілер мен көрмеге қатысушы елдердің өкілдері бар. Күрделі инженерлік, қойылымдық және көркем суреткерлік шешімдер қолданылатын Hi-Light Show көрермендерді болашақ әлемге жетелейді. Әуеде қалқып тұрған декорациялар гимнасттармен бірге қозғалады, сахна үнемі өзгеріп отырады және мұның барлығын танымал композитор Александр Князевтің ғажап музыкасы сүйемелдейді.