Өзбекстанда қазақ мектебі ашылды

Өзбекстанда қазақ мектебі ашылды

Өзбекстанда қазақ мектебі ашылды
ашық дереккөзі
Оңтүстік Қазақстан облысымен іргелес жатқан Өзбекстанда қазақ мектебі ашылды, деп хабарлайды 24.kz арнасы. Білім ошағы Навои облысының Үшқұдық ауданына қарасты Жүзқұдық ауылында бой көтерді. Білім беру мекемесі қажетті қазақ тілді және басқа да оқулықтармен, сондай-ақ әдебиеттермен қамтамасыз етілген. Ал компьютерлік сыныпта оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануына барлық жағдай бар. Мектеп кабинеттері заман талаптарына сай жабдықталды. Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі мен осы елдегі Қазақ ұлттық мәдени орталығы білім ошағына қажетті оқу құралдарын, планшеттер мен қазақ тіліндегі 3 мың кітапты сыйға тартты. «Бұл жерде сабақтар қазақ тілінде жүретіні және қазақ оқулықтарының бары қуантады. Ауыл шалғайда жатса да, мұнда барынша жағдай жасалған. Мектеп компьютерлік сыныппен жабдықталды. Өзбекстан Президенті осындай сый жасап отырғанына ризамыз», – дейді ҚР Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Үтембаев.