Алматыда үш жігіт қыздарды таспен ұрып тонап кеткен
Алматыда үш жігіт қыздарды таспен ұрып тонап кеткен
Оқиға түс мезгілінде Алматыдағы Орталық стадион маңында болған. Әңгімелесіп отырған үш қызды үш жігіт ту сыртынан келіп таспен ұрып, бағалы зарттарын тонап кеткен. Бұл туралы, әлеуметтік желі қолданушылары газет тілшісіне хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, Есентай өзені бойынан жүгіріп шыққан үш жігіт, қолдарындағы таспен қыздарды бастарынан ұрып сөмкелерін алып қашқан. Жедел жәрдем келгенше қыздардың бірі қансырап қалған көрінеді. Әзірге, жараланған қыздардың қайсы емханаға жеткізілгендігі және жағдайларының қалай екені белгісіз. Оқиға орнына жеткен, Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің мамандары тексеру жүргізіп, қылмыскерлерді іздестіруге кіріскен.
[caption id="attachment_3947" align="alignnone" width="600"] Суреттер әлеуметтік желіден алынды[/caption] [caption id="attachment_3965" align="alignnone" width="640"] Оқиға орны[/caption]" Түркістан-ақпарат"