Жаңалықтар

Ен даладағы өртті сөндірем деп әлек болған әкім тірідей жанып кетті

ашық дереккөзі

Ен даладағы өртті сөндірем деп әлек болған әкім тірідей жанып кетті

Ақтөбе облысында ен далада болған өртті сөндіру кезінде округ әкімі мен мектеп мұғалімі қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ.

 Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында ен дала өртке оранып, бірден 4-5 ауылдық округті қамтыған. Әкімдіктің мәліметінше, ТЖД өрт сөндіруші қызметімен бірге мемлекеттік органдар мен жұмысшылардан құрылған еріктілер де өртті сөндіруге атсалысқан. Облыстық әкімдіктегілердің айтуынша, ауылдық округтің әкімі Сұлукөл ауылының маңындағы өртті сөндіру кезінде тірідей жанып кеткен. Өрт сөндіруге қатысқан еріктілер қатарында 1978 жылы туған ауыл мұғалімі де болған. Оның денесін қатты күйік шалып, келесі күні қайтыс болған. Өрт салдарынан тағы бір қара жұмысшы зардап шеккен. Жергілікті биліктің хабарлауынша, ол ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Қайтыс болған әкім Батырбек Бірлепесов 38 жаста болған. Ол 2015 жылдан бастап ауылдық округтің басшысы қызметін атқарып келген. Марқұмның артында үш баласы мен әйелі қалды.