Өз әкесін тонаған азамат ұсталды

6 қыркүйек, 2017 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Өз әкесін тонаған азамат ұсталды

3 қыркүйек күні Жарқайың ауданы ішкі істер бөліміне Гастелло ауылының тұрғыны арызданып, үйін тонап кеткенін айтқан. 64 жастағы тұрғынның сөзінше, белгісіз біреу 800 мың теңгесін ұрлап кеткен. Бұл туралы Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Baq.kz хабарлады. 

Полицейлер еш жерде жұмыс істемейтін, бірақ ішімдікке ақша тапқан арызданушының 37 жастағы ұлынан күдіктенген. Шұғыл іздестіру шараларын жүргізу кезінде құқық қорғаушылардың күдігі толығымен расталды. Зардап шегуші соңғы жылдары ақша жинап, оны үйдегі қоймаға жасырған екен. Дегенмен ұлы жинақтың қайда екенін біліп қойып, бірнеше айдан бері ақшаны ұрлап келген. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.