Серік Ахметовтың бостандыққа қашан шығатыны белгілі болды

Серік Ахметовтың бостандыққа қашан шығатыны белгілі болды

Серік Ахметовтың бостандыққа қашан шығатыны белгілі болды
ашық дереккөзі

Қазақстанның экс-премьер-министрі Серік Ахметов 21 қыркүйекте бостандыққа шығарылады, деп хабарлайды 31 арна

5 қыркүйекте Серік Ахметов жазасын өтеп жатқан АК 159/18 колониясында жабық сот отырысы өтті. Арна тілшісінің хабарлауынша, сот әлі де ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда бұған дейін Серік Ахметов жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыруды сұраған болатын. Еске салсақ, бұрынғы үкімет басшысына тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу, қызметін асыр пайдаланды деген айып тағылып, ол 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейіннен апелляциялық инсстанция оның жазасын сегіз жылға дейін қысқартып, аз уақыттан соң тағы бір жыл жеті айға азайтқан. Ал кеше сот Серік Ахметовтің арызын қанағаттандырып, қалған төрт жыл 26 күндік жазасын бас бостандығынан шектеу туралы бапқа ауыстырды. Сонымен бірге, экс-премьер мемлекетке келтірілген шығынды толығымен өтеп бергені туралы ақпарат тараған.