Головкин мен Альварес кездесуіне арнайы белбеу жасалды

Головкин мен Альварес кездесуіне арнайы белбеу жасалды

Головкин мен Альварес кездесуіне арнайы белбеу жасалды
ашық дереккөзі
WBC қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен Сауль«Канело» Альварестің кездесуіне арнайы белбеу жасады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін кездесуге арнайы белбеу жасап шығарды. Авторлар белбеуді жасап шығаруға 300 сағаттай уақыт жұмсаған. Онда Қазақстан мен Мексиканың тулары белгіленген. Еске салайық, бұл жекпе-жек 16 қыркүйек  күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Кездесуде Головкин барлық белбеуін ортаға салса, «Канело» The Ring журналының чемпиондық атағын сарапқа салады.