Месси «Барселонадан» кетпекші

Месси «Барселонадан» кетпекші

Месси «Барселонадан» кетпекші
ашық дереккөзі
Лионель Месси келер жылы жазда «Барселонадан» кетуге ниетті. Испан БАҚ-тарының хабарларына қарағанда, аргентиналық шабуылшы каталониялық клубпен арадағы келісімшартты ұзартқысы келмейді. Мессидің мұндай шешіміне клубтың трансферлік саясатына наразылығы себеп болған, деп жазады «Российская газета». Атап айтқанда, Мессиге «Барселонаның» өткен жазда «Ливерпульден» Филиппе Коутиньоны да, Аргентина ұлттық құрамасындағы серігі Серхио Агуэроны («Манчестер Сити») да сатып ала алмағаны ұнамаған. Бұдан тыс, Месси Неймардың «Пари Сен-Жермен» сапына ауысып кеткеніне қатты таңғалған. Еске сала кетейік, француздық ұжым Бразилия құрамасының шабуылшысы үшін футбол тарихындағы рекордтық сома - 222 миллион еуро төлеген болатын. Аргентиналық форвардтың болашақтағы мансабы туралы айтқанда, Месси және оның агентіне Англияның «Манчестер Сити» клубы ұсыныс жасағаны еске түседі. Олар «Алтын доптың» бес дүркін иегеріне жыл сайын 35 миллион еуро жалақы төлеуге дайын.