Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі көтерілді
Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі көтерілді
Биылғы жылдың тамыз айында Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 25 667 теңгені құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 5%-ға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің хабарламасына сілтеме жасап.
Биылғы тамыз айында негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормасымен есептелген төменгі күнкөріс деңгейінің (ТКД) мөлшері 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 19,3%-ға, тамыз айымен салыстырғанда 8,8%-ға артқан.
Төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымында ет пен балық сатып алу шығындарының үлесі 19,3%-ды құраса, жеміс-жидек пен көкөністер - 16,3%, сүт, май өнімдері мен жұмыртқа - 14,5%, нан және жарма өнімдері - 7,5%, қант, шәй, дәмдеуіштер шығыны - 2,4% көрсеткен.