Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі көтерілді

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі көтерілді

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі көтерілді
ашық дереккөзі
Биылғы  жылдың тамыз айында Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 25 667 теңгені құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 5%-ға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің хабарламасына сілтеме жасап. Биылғы тамыз айында негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормасымен есептелген төменгі күнкөріс деңгейінің (ТКД) мөлшері 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 19,3%-ға, тамыз айымен салыстырғанда 8,8%-ға артқан. Төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымында ет пен балық сатып алу шығындарының үлесі 19,3%-ды құраса, жеміс-жидек пен көкөністер - 16,3%, сүт, май өнімдері мен жұмыртқа - 14,5%, нан және жарма өнімдері - 7,5%, қант, шәй, дәмдеуіштер шығыны - 2,4% көрсеткен.