Жаңалықтар

Алматыда жалған құжатпен Еуропа аспақшы болған 6 түркиялық ұсталды

ашық дереккөзі

Алматыда жалған құжатпен Еуропа аспақшы болған 6 түркиялық ұсталды

Алматыда Түркияның 6 азаматы жалған құжаттармен ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. "Алматы" шекаралық бақылау бөлімінің жасағы "Тбилиси-Алматы" бағытындағы рейсте Түркия Республикасының 6 азаматын ұстады. "Олардың тексеріс кезінде көрсеткен құжаттары жалған болып шықты. Ұсталғандардың айтуынша, олар Еуроодақ елдеріне кіру үшін Қазақстан Республикасы аумағын транзит ретінде пайдаланбақшы болған. Осы дерек құқық қорғау органдарының және өзара әрекет етуші органдардың өкілдеріне хабарланды", - делінген ведомство хабарламасында.