Елбасы алтыншы сайланған Парламенттің үшінші сессиясын ашты

Елбасы алтыншы сайланған Парламенттің үшінші сессиясын ашты

Елбасы алтыншы сайланған Парламенттің үшінші сессиясын ашты
ашық дереккөзі
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырысқа Сенаттың 46 депутаты, Мәжілістің 106  депутаты, ҚР Үкімет мүшелері, Жоғарғы сот, Конституциялық кеңесі, Орталық сайлау комиссиясы төрағалары, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы компаниялардың басшылары қатысуда. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан сайланған Сенат депутаттарының алдағы сапалы жұмысына сенім білдірді. «Құрметті депутаттар, баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен шын жүрегімнен құттықтаймын! Осы арада елді аралап, халықтың алдында сөйлеп, көп жұмыс жасадыңыздар. Енді жаңа күшпен әрі оймен, жаңа сессияны бастағалы отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, 28 маусымда Сенат депутаттарының сайлауы өтіп, Парламенттің жоғары палатасының құрамы Конституция бойынша жаңарды. Атап айтқанда, барлық өңірлерде сайлау өтті, алдымыздағы алты жылдың ішінде олар сол сенімді ақтап, халыққа қызмет ететін болады. Сондықтан жаңадан сайланған халық қалаулыларын қызметтерімен құттықтап, табыс тілейік», - деді ҚР Президенті. Мемлекет басшысы биыл Қазақстанда жаңғырудың жаңа көкжиектері ашылып, іргелі үдерістерді жүйелі түрде іске асыру басталғанын атап өтті. «Жаңғыру үрдісі негізгі үш сала: экономикалық, саяси және рухани бағыттар бойынша өрбуде. Әрбір мемлекет осы үш мәселені назарда ұстап, өркендейтін болады. Бұл реформаның негізінде біз «Қазақстан-2050» стратегиясындағы мақсаттарымызға жетеміз. Түпкі мақсатымыз - отыз өркендеп өскен елдің арасында болу», - деді Н.Назарбаев.