Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянмадағы мұсылмандар қырғынына қатысты пікір білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянмадағы мұсылмандар қырғынына қатысты пікір білдірді
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянмадағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайлды NUR.KZ.
"БҰҰ Мьянмадағы үрейлі жағдайға қатысты өзінің нақты ұстанымын білдіру қажет. Қаншама бейкүнә мұсылман қатыгез репрессияның құрбаны болып жатыр", - деп жазды Тоқаев өзінің Twitter парақшасында. Еске сала кетейік, Мьянмада соңғы апталарда буддистер мен мұсылмандар арасындағы қақтығыстар салдарынан 400-ден астам адам мерт болған. Ол елдегі ахуалға қатысты үнсіз қала алмаған Түркия басшысы Тайып Ердоған мен Шешенстан президенті Рамзан Қадыров бұны "мұсылмандардың геноциді" деп атады. Ал кеше Ресей астанасында жүздеген мұсылман Мьянмада этникалық рохинджа тобын қудалауға наразылық білдіріп, қала орталығында рұқсат етілмеген митингке шықты.