Жаңалықтар

"Абу-Даби Плазадағы" жанжал: 8 адам жауапқа тартылды

ашық дереккөзі

"Абу-Даби Плазадағы" жанжал: 8 адам жауапқа тартылды

Кеше түнде Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылыс алаңында туындаған жанжал елорданың демалыс күнгі тыныштығын бұзды. Оқиғаның қалай өрбігенін sputniknews.kz тарқатты.  Ең алдымен Астана қаласының сол жағалауындағы Алматы мен Түркістан көшелерінің жабылғаны туралы белгілі болды. Қауіпсіздік аясында жаяу адамдар мен автокөліктерді жолмен жүргізуге тыйым салынды. Оқиға орнына жедел жәрдем, өрт сөндіру және арнайы жасақ жауынгерлері де келіп жетті. Көшеде жүрген адамдар жиналып, сақшылардың айтылған өтініштеріне қарамастан олардың бірқатары оқиға барысын өздерінің ұялы телефондарына түсіріп жатты. Полиция жиналған адамдарға қатысты күш қолданбай, олардың үйлеріне тарауын сұрады. Алайда оның бәрі сәтсіз болды: жол айрығында жиналған адамдардың кейбіреулері полицияның қоршауынан шығуға тырысып, тұрған орындарынан кетуден бас тартты. Кейіннен ІІМ хабарлағандай, мұндай қоршау жасаудың басты себебі, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан "Абу-Даби Плаза" кешенінің территориясында туындаған қақтығыс болды. Бұл жанжал Үндістаннан келген жұмыскерлер мен жергілікті жұмыскерлер арасында орын алды. Төбелестің басты себебі, күзетші мас болған Үндістаннан келген жұмыскерді объектіден шығаруға бас тартады. Шетел азаматы өзінің отандастарын шақырып, күзетшіні ұрып тастайды. Бұған жауап ретінде жергілікті жұмысшылар күзетшіге болысады. Нәтижесінде кешеннің құрылысы басындағы бақылау-өткізу пунктінде отызға жуық адам қатысқан төбелес болды.