Жаңалықтар

Мьянмада 400-ден астам мұсылман азаптап өлтірілді

ашық дереккөзі

Мьянмада 400-ден астам мұсылман азаптап өлтірілді

Мьянманың батысындағы мұсылман дінін ұстанатын рохинджа этносы тұратын Ракхайн штатында 2600-ден астам үй өртелді. Республика билігі бұл оқиғаға Аракан армиясы исламдық қозғалысының әскери жасақтары айыптауда. Бұл туралы  euronews.com-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Аталған қозғалыс Мьянмада террорлық ұйым деп танылған. Ал рохинджа ұлысы «өрт қойып жатқандар қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері» дегенді алға тартады. Диаспора белсенділерінің айтуынша, билік оларды елден қуып шығуға ниетті. «Әскерилер біздің елді мекенге баса-көктеп кіріп, барлығымызды тексеруді, сиырларымызды тартып алды», - дейді тұрғындардың бірі. «Сонан соң оқ жаудыра бастады, тіпті әйелдер мен балаларды да ата берді. Біз күріш алқаптарына қарай қаштық, ауылда қалғандардың барлығын өлтіріп тастады». Ракхайнда діни негіздегі жанжалдар тоқтамай тұр, олардың арты соңғы кезде жергілікті буддистер мен мұсылмандардың қақтығысына ұласқан. Ал тамыз айының аяғына қарай жүздеген исламистік әскери жасақтар жергілікті полиция бекеттеріне шабуылдағаннан кейін жағдай тіптен ушығып кеткен. Қақтығыстардың салдарынан 400-ден астам адам қаза болған, 50 мыңнан астам тұрғын босып кеткен. Мьянмадағы зорлық-зомбылықтардың салдарынан соңғы жылдары мыңдаған адам құрбан болған.