Астанаға Ла Скала келді

Астанаға Ла Скала келді

Астанаға Ла Скала келді
ашық дереккөзі
1-9 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Астана Опера» сахнасында атақты миландық Ла Скала театрының опера труппасы, хор мен симфониялық оркестрінің алғашқы гастрольдері өтеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. Гастрольдің бірыңғай ресми демеушісі – республикамызда 1992 жылдан бастап өз қызметін жүзеге асырып келе жақтан итальяндық «Eni» энергетикалық компаниясы, cонымен қатар гастрольдерге «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік серіктестігі қолдау көрсетті. Сонымен атақты Ла Скала театры Астана мен жұртшылығы мен Астана қонақтарына не сыйлайды?  Театрдың реперуарына үңілсек, Дж. Вердидің қызыққа толы, күлкілі «Фальстаф» операсы 1, 4, 6 және 8 қыркүйек күндері өтеді. Арриго Бойтоның либретто негізіне У. Шекспирдің «Виндзор сайқымазақтары» комедиясы мен «IV Генрих» тарихи хроника сахналары алынған. Ал Бетховеннің ғаламат №9 симфониясы «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында 7 және 9 қыркүйек орындалатын болады. Ұлы неміс композиторы өзінің бар шығармашылық өмір жолында туындыны жасау идеясын ойластырып, Ф. Шиллердің «Шаттық» одасының музыкасы негізіне салуды ұзақ жылдар бойы аңсап келген. Монументалды әрі эпостық туындыда батырлық идея жүзеге асып, тартыс пен жеңіс тақырыбы ұсынылады, терең ой мен жаңашыл шешімдердің молдығы сезіледі. Музыкалық өнер тарихында алғаш рет симфонияға вокалистер тартылған. Бетховеннің шығармашылығын аяқтаған опустың соңғы бөлігі Еуроодақтың әнұранына айналған, бұның өзі ерекше мәнді жайт.