Елімізде 380 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданды

Елімізде 380 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданды

Елімізде 380 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданды
ашық дереккөзі

Бүгін елімізде шамамен 380 мыңға жуық оқушы бірінші сыныпқа барды. Республиканың барлық білім ошақтарында алғашқы қоңырау соғылды. 

 1 қыркүйек Құрбан айт мейрамына дәл келгендіктен алғашқы қоңырау соғу салтанаты бүгін, 2 қыркүйекке ауыстырылды. Жалпы жылдан жылға бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндердің саны арта түсуде. Өткен жылы мектеп табалдырығын 370 мыңға жуық бала аттаса, биыл олардың саны 10 мың балаға артуда.
Осыған байланысты еліміздің барлық өңірлерінде жаңадан мектептер салынуда. Биыл 75 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланса, соның 35-і 2 қыркүйек күні оқушыларға есігін айқара ашады. Мұнан бөлек, 300 мектепке күрделі жөндеу, ал 410 мектеп ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Естеріңізде болса, өткен жылы еліміздің 1 сынып оқушылары жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқи бастаған болатын. Ал биыл 2, 5 және 7 сынып оқушылары жаңартылған білім бағдарламасына көшеді.