Назарбаев пен Ердоған телефон арқылы тілдесті
Назарбаев пен Ердоған телефон арқылы тілдесті
Режеп Тайып Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Құрбан айт мерекесімен құттықтап, оған зор денсаулық пен табыс, ал Қазақстан халқына өсіп-өркендеу тіледі. Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ Түркия Республикасы Президентінің биылғы 9 қыркүйекте Астанаға жасайтын ресми сапарын талқылады. Сонымен қатар, екі ел көшбасшылары биылғы 10-11 қыркүйекте Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін өткізу мәселелері бойынша пікір алмасты. Президенттер Қазақстан мен Түркияның кең ауқымды бағыттар бойынша қарым-қатынасын одан әрі нығайту үшін сындарлы диалогты жалғастыру жөнінде уағдаласты. Телефон арқылы сөйлесуге түрік жағы бастамашы болды.