Пентагон: Ауғанстанда 11 мың америкалық сарбаз бар

Пентагон: Ауғанстанда 11 мың америкалық сарбаз бар

Пентагон: Ауғанстанда 11 мың америкалық сарбаз бар
ашық дереккөзі
30 тамыз күні Пентагон таратқан мәлімдеме бойынша, Ауғанстанда 11 мың америкалық әскер қызметкері бар. "Рейтерс" агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін АҚШ қорғаныс министрлігі 8 мың 400 сарбаз туралы дерек берген еді. АҚШ Қарулы күштері штаб қолбасшылары бірлескен комитетінің басшысы генерал Кеннет Маккензидің айтуынша, "11 мың адамның ішінде Ауғанстанда тұрақты қызметтегілер ғана емес, қысқа мерзімге барған қызметкерлер де ескерілген". Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстандағы жаңа стратегиясын жариялады. Америкалық баспасөзде жарияланған мәліметтерге қарағанда, Трамп АҚШ-тың бұл елдегі әскер санын 4 мың сарбазға көбейтуі мүмкін. Маккензидің сөзіне қарағанда, АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Ауғанстандағы әскер санын көбейту туралы бұйрығын әлі шығарған жоқ. АҚШ Ауғанстандағы әскери қимылдарын 2001 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қаулысы негізінде бастады. Қауіпсіздік кеңесі мұндай шешімді 2001 жылы 11 қыркүйектегі терактіден бір күннен кейін қабылдады. Ауғанстандағы әскери қимылдар кезінде 2,3 мың америкалық сарбаз қаза тапты, шамамен 18 мыңы жараланды.