"Қазақстан" шахтасында қаза тапқандардың есімдері жарияланды

"Қазақстан" шахтасында қаза тапқандардың есімдері жарияланды

"Қазақстан" шахтасында қаза тапқандардың есімдері жарияланды
ашық дереккөзі
"Қазақстан" шахтасында қаза тапқандардың есімдері жарияланды. Қазақстанның Инвестициялар және даму жөніндегі министерлігінің хабарлауынша, "Қазақстан" шахтасындағы 130 жұмысшы шығарылды, үш адам құтқару жұмыстарын жасап жатыр. Ресми хабар бойынша, шахтадағы метанның үлкен қысыммен атқылауынан үш адам қаза тапты. Апат тіркелген уақытта шахтада 136 адам болған. 34 жастағы Рустам Ахметжанов, 37 жастағы Валерий Руденко және 31 жастағы Максим Шебанов қаза тапты. Үшеуінің денелерін сағат 5-тен 35 минут кеткенде жұмысшылар тауып алған, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 31 тамызда сағат 4-те Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының "Қазақстан" шахтасындағы желдеткіш құрылғысынан "аяқ астынан газ атқылай бастаған", кеншілердің өлі денелері содан кейін табылды, делінген ресми хабарламада.