Хасан Роухани: Сауд Арабиясы террористерді қолдап отыр

31 тамыз, 2017 / Ақниет ОСПАНБАЙ
ашық дереккөзі
Хасан Роухани: Сауд Арабиясы террористерді қолдап отыр Иран президенті Хасан Роухани Сауд Арабиясын террористерді қолдап отыр деп айыптады деп жазды qazaqtimes. Reuters ақпарат агенттігінің мәліметінше, Роухани журналистер алдына сөйлеген сөзінде: «Сауд Арабиясының Йемен мен Сүриядағы террорлық ұйымдарды қолдауы Теһран (Тегеран) мен Эр-Рияд қарым-қатынасының ушығуына әкеліп соғуда. Екі ел арасы Сауд Арабиясы лаңкестік ұйымдарды қолдауын тоқтатқан күні жақсаратын болады» - деген. Естеріңізге салайық, бұған дейін Йемен билігі Иранды елде азаматтық соғыстың өртін тұтандырмақ болды деп айыптаған болатын.