Қарағанды кремниіне 120 пайыздық баж салығы салынуы мүмкін

Қарағанды кремниіне 120 пайыздық баж салығы салынуы мүмкін

Қарағанды кремниіне 120 пайыздық баж салығы салынуы мүмкін
ашық дереккөзі
Америка Қарағанды кремний зауытының өнімдеріне 120 пайыздық баж салығын енгізуі мүмкін. Өйткені қазақстандық компанияны Қазақстан үкіметі 120 пайызға субсидиялап отыр деген күдік бар деп хабарлайды Астана арнасы. Ал ол Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына қарсы. АҚШ Сауда министрлігі «Tau-Ken Temir» ЖШС нарықтағы кремний құнын қолдан төмендетіп сатқан деп күманданады. Сондықтан Америка тарапы креминий өндіруші компанияның өз атынан ғана емес, онымен байланысы бар «Tau-Ken Самұрық» және «Silicon Mining»-тен барлық деректерді сұратқан. Алайда, АҚШ сауда министрлігі, демпингке қарсы тексеруге берілген ақпараттар толық емес, деп отыр. Тексеру желтоқсанда аяқталмақ. Егер компанияны мемлекет қанша пайызға субсидиялағаны дәлелденсе, сонша пайыз баж салығы енгізілмек. Рэн Эльхай, Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметкері: - Егер америкалық компаниялар осындай шағым түсірсе, Сауда министрлігі мен АҚШ халықаралық сауда комиссиясы әділетсіз субсидиялауға қатысты түрлі тексеру жүргізеді. Ол ашық және АҚШ заңы мен халықаралық міндеттемелерге сай өтеді. Ал Сауда министрлігі қызығушылық танытқан барлық тараптарға тексерулерге қатысуға және ресми пікір айтуға мүмкіндік береді.