Жаңалықтар

Капалы чаршы — әлемдегі ең үлкен базарлардың бірі

ашық дереккөзі

Капалы чаршы — әлемдегі ең үлкен базарлардың бірі

Түрікше «Капалы чаршы» («Kapalıçarşı», «жабық базар») аталатын Стамбұлдағы базар (ағылшынша «Grand Bazaar») — әлемдегі ең үлкен базарлардың бірі. Қаланың ескі бөлігінде орналсқан Капалы чаршының аумағы 30 700 шаршы метрге тең. Соңғы деректерге сүйенсек, базар маңындағы 66 көшеге 4000 дүкен орналасқан. Ал тәулігіне келетін туристер саны 1,5 млн.

Капалы шаршыда сатылтын заттар сан-алуан: зергерлік бұйымдар, тері, мат, кілем, сувенирлер, керамика, шыны, темір мен ағаштан жаслған бұйымдар, аяқ киім, қыздардың жасауы, үйлену тойына қажетті заттар, балалар киімі т.б. Әлбетте, базардағы киімдердің сапасы әлдеқайда төмен. Туристер көп жүрген жерде мейрамхана, қонақүй болары анық. Капалы чаршыда тіпті, зират та бар. Тағы бір маңызды жайт, Капалы чаршының ішінде Мысыр базары бар. Түріктердің локумы, тәттілері, құрғақ жеміс-жидек, жаңғақтар дәні, хош иісті шйлр т.б. сатылады. Негізі Капалы чаршының ішінде сатылатын бұйымдар әлдеқайда қымбат. Көбінесе, америкалық және еуропалық туристер сауда жасайды. Мәселен, сыртта 50 теңге тұратын затты базар ішінен 500 немесе 5000 теңгеге сатса, таңғалмаңыз. Бастысы, түріктер саудаласқанды жаны сүйеді. Сондықтан сізге айтқан бағаны жартысына дейін «сылқ еткізуден» тартынбаңыз. Реті келсе, одан да арзанға алуға болады.

Тарихқа шегініс жасасақ, Капалы чаршының құрылысы ІІ Мехмет сұлтан 1453 жылы Константинопольді басып алғаннан кейін бірден басталған. Византия астанасындағы базарлар негізінде түзілген базар уақыт өте келе кеңейе берген. 1894 жылғы жер сілкінісінен кейін базар қайта құрылымнан өтеді. Осман империясы кезінде базарда тек саудагерлер сауда жасаған. Алайда, банктердің экономикалық және қаржылық әрекеттерінің нәтижесінде биржа қалыптасады. XIX ғасырдың ортасына дейін Капалы чаршыда құл судасы қызған. Он сегіз қақпасы бар базардың ең әдемі қақпасы – Чемберліташ тарапындағы «Нуруосманийе» мен «Биязит». Қақпаның маңдайшасына «Алл саудамен айналысқандардың несібесін арттырады» деген жазу бар. Нәзия

Стамбұл