Геннадий Головкин қазақстандықтарды мерекемен құттықтады
Геннадий Головкин қазақстандықтарды мерекемен құттықтады
Геннадий Головкин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады. Орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Барлық қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтаймын! Әр үйде береке болсын, еліміз өркендей берсін! Конституция күні құтты болсын!", - деп жазды боксшы инстаграм желісіндегі парақшасына. Еске салайық, 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы 20 мың адам сиятын T-Mobile аренасында Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жұдырықтасады.