Тәжікстанға Ресейден 30 мұғалім келді

Тәжікстанға Ресейден 30 мұғалім келді

Тәжікстанға Ресейден 30 мұғалім келді
ашық дереккөзі
Мұғалімдердің айлығы - 74 мың рубль ($1200), соның 14 мыңын тәжіктер, 60 мыңын Ресейдің қорғаныс министрлігі төлейді. Тәжіктер ресейлік мұғалімдерді баспанамен қамтамасыз етеді. Тәжікстанның білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Рахматулло Мирбобоевтың айтуынша, "мұндай тәжірибе болашақта жалғасын табады". Бұған дейін Тәжікстанға Түркия және Ираннан мұғалімдер білім беруге келген. Ресейдің Федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко 28 тамызда Тәжікстанға баратын мұғалімдермен кездесіп, тәжік республикасында мұғалім жетіспей жатқанын айтты. Тәжікстанның жаңа оқу жылында Ресейден шамамен 60 мың оқулық жеткізілді.