Жаңалықтар

Самарқанда Ислам Кәрімовтің ескерткіш кешені ашылады

ашық дереккөзі

Самарқанда Ислам Кәрімовтің ескерткіш кешені ашылады

Самарқанда Ислам Кәрімовтің ескерткіш кешені ашылады. Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің зиратына тұрғызылған ескерткіш кешен Самарқанда 2 қыркүйекте ашылады. Бұл туралы 28 тамызда марқұмның кіші қызы Лола Кәрімова-Тилляева хабарлады. Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің зиратына тұрғызылған ескерткіш кешен Самарқанда 2 қыркүйекте ашылады. Бұл туралы 28 тамызда марқұмның кіші қызы Лола Кәрімова-Тилляева хабарлады. "Орталық Азия сәулет өнерінің үздік туындыларымен безендірілген мавзолей әкемнің дүниеден өткеніне жыл толуына орай ашылады", - делінген Лола Кәрімова-Тилляеваның Самарқандағы халықаралық конференцияда оқылған баяндамасында. Оның мәтіні Лоланың Facebook'тегі парақшасында жарияланды. Оның айтуынша, ескерткіш кешенінің құрылысы ЮНЕСКО және Ескерткіштерді қорғау мәселелері жөніндегі халықаралық кеңесінің кеңестері мен талаптарына сай жүргізілді. Еске салайық, 28 тамызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Самарқандағы Ислам Кәрімов зиратына барып, кешен құрылысы мен келушілерге жағдай жасауға қатысты кеңестерін айтқан. Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімовтің қайтыс болғаны 2016 жылы 2 қыркүйекте белгілі болды. Ол 78 жасында инсульттен дүние салды. Кәрімов Самарқандағы Хазрати Хизр зиратына жерленді.