Жаңалықтар

Түркіменстан президенті мақта жинау қарсаңында бата берді

ашық дереккөзі

Түркіменстан президенті мақта жинау қарсаңында бата берді

Түркіменстан президенті мақта жинау қарсаңында бата берді. Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов биыл астық мол жиналсын деген тілекпен бата берді. Президенттің сөзіне қарағанда, 30 тамызда Ахал, Марый, Лебап уәлаяттарында мақта жинау науқаны басталады. Елдің солтүстігіндегі Дашоғыз диқаншылары егісті 6 қыркүйектен бастап жинай бастайды. Түркіменстан биыл 1 миллион 50 мың тонна мақта жинауды көздеп отыр. Жылдағы дәстүр бойынша мақта жинау президенттің бата беруімен басталады. Аймақ биліктері осыған орай ақсақалдарды жинап, салтанатты шара ұйымдастырады. Егіс жинау науқаны басталған уақытта жергілікті билік тұрғындарды таңғы сағат алды жинап, егіс басына алып барады. Оған полиция қызметкерлері, оқу мекемелерінің әкімшілігі бақылау жасайды. Түркіменстанда бюджет мекемелерінің қызметкерлері егістікке шықсын деген ресми заң жоқ. Халықаралық адам құқын қорғаушы ұйымдар Түркіменстанның мақта жинау кезінде жұмыс күшін мәжбүрлеп қолдануын сынап отыр.