Елбасы әлсіз байытылған уран банкін телекөпір арқылы ашты

Елбасы әлсіз байытылған уран банкін телекөпір арқылы ашты

Елбасы әлсіз байытылған уран банкін телекөпір арқылы ашты
ашық дереккөзі
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Hilton қонақүйінде телебайланыс арқылы Өскемендегі әлсіз байытылған уран банкін ашты. Назарбаев уран банкінің символдық кілтін БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі агенттігі - МАГАТЭ өкілдеріне тапсырды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Hilton қонақүйінде телебайланыс арқылы Өскемендегі әлсіз байытылған уран банкін ашты. Назарбаев уран банкінің символдық кілтін БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі агенттігі - МАГАТЭ өкілдеріне тапсырды. Банк Үлбі металлургиялық зауытының аумағына салынған. Оның құрылысы 2015 жылы Қазақстан үкіметі мен МАГАТЭ арасында жасалған келісім аясында басталған. Қазақстан әлемде өз территориясына уран банкін орналастыруға өтініш білдірген жалғыз ел болса да Назарбаев банкті ашып тұрып Қазақстанның әлсіз байытылған уран банкін өзінде "орналастыруы "Қазақстан атом саласының жоғары деңгейде екенін айғақтайтынын" айтты. Банкті ашу салтанатында Назарбаев Қазақстанның ядролық қаруды таратпауды және Жер шарының болашағы қауіпсіз болғанын жақтаушы болып қала беретінін тағы да мәлімдеді. Ол әлсіз байытылған уран банкінде атом электр станцияларында бейбіт мақсатта пайдалануға арналған уран сақталатынын айтты. Бұған дейін Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев банк "үнемі уран жеткізуші немесе әлдебір қойма рөлін атқармайтынын мәлімдеген. Мұндағы уран қоры әлемдік уран нарығында дағдарысты жағдай туындағанда ғана пайдаланылады, ал жай уақытта оған сұраныс болмайды. Әлсіз байытылған уранды алу, жеткізу, ұстап тұру, испорттау және экспорттау шығындарын МАГАТЭ өтейді. Келісім бойынша, Қазақстан әлсіз байытылған уранды сақтау, оның ішінде электр қуаты, жылу, қажетті қызметтік нысан мен қызметкерлерге кететін шығындарды және банк Қазақстаннан тыс жерге көшірілген жағдайдағы шығынды төлейді.