Жаңалықтар

Асқар Жұмағалиев премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды

ашық дереккөзі

Асқар Жұмағалиев премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды

  Асқар Жұмағалиев премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалдықызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта. Мұның алдында Жұмағалиев "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы еді. Асқар Жұмағалиев - 1972 жылы 2 тамызда РКФСР Орынбор облысында туған. Свердловск Суворов әскери училищесін, Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін және Швейцария федералдық технологиялар институтын (Лозанна қаласы) бітірген. Әр жылдары "Жарық" ЖШС бас директоры, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінде сектор меңгерушісі, бөлім, басқарма бастығы қызметтерін атқарып, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы, "Қазақтелеком" АҚ президенті болды. 2010 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрі, Көлік және коммуникациялар министрі болып, Байланыс және ақпарат агенттігіне төрағалық етті.