Жаңалықтар

БҰҰ Ресейді расизм және ксенофобиямен белсенді күресуге шақырды

ашық дереккөзі

БҰҰ Ресейді расизм және ксенофобиямен белсенді күресуге шақырды

БҰҰ Ресейді расизм және ксенофобиямен белсенді күресуге шақырды. БҰҰ тәуелсіз сарапшылар тобы дүйсенбі күні Нәсіліне қарай кемсітушілікті жою жөніндегі комитетке арнайы баяндамасын тапсырды. Құжат авторлары 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионаты қарсаңында футбол жанкүйерлерінің тәртібіне көңіл бөлген. Солтүстік Кавказ және Орталық Азиядан шыққандар Ресейде неоұлтшылдар мен "казактар" тобының шабуылына жиі ұшырайды, делінген баяндамада. Ресейлік полиция нәсілдік белгілеріне қарап ұстайды, деп есептейді БҰҰ сарапшылары. Мәскеу адам құқығын қорғаушылардың баяндамасын мұқият зерттеуге уәде берді. "Интерфакс" агенттігінің Женевадағы дереккөзінің мәлімдеуінше, БҰҰ қорытындылары Ресейге қандайда бір саяси міндет жүктемейді.