Судьяларды ғана емес, прокурорларды да тәрбиелеу керек

Судьяларды ғана емес, прокурорларды да тәрбиелеу керек

Судьяларды ғана емес, прокурорларды да тәрбиелеу керек
ашық дереккөзі
Судьяларды ғана емес, прокурорларды да тәрбиелеу керек. ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Мтың судьяларды тәрбиелеу қажеттігі туралы сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бәрімізді де тәрбиелеу керек, сол себепті реформа жүріп жатыр. Мемлекет басшысы әлемнің өзгергенін, елдің өзгергенін, нарықтық қатынастар мен экономиканың өзгергенін бірнеше рет айтты.  Ал құқық қорғау органдары ілгері басар емес. Бізге өзгеру қажет, жұмыс стилі мен ойлауды өзгерту қажет. Бұл жалғыз судьяларға ғана емес, прокурорларға да, тұтас құқық қорғау блогына қатысты сөз. Бұл үлкен ескерту. Бүгін біз заң үстемдігін арттырып, әлемдік стандарттарға жақындау үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді М.Ахметжанов журналистер сұрағына жауап бере отырып. Бұған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында Қазақстандағы әділеттілік саласындағы реформалардың ықпалы қандай болатынын айтып, судьяларды тәрбиелеу қажеттігін мәлімдеген еді. «Судьяларды тәрбиелеу керек. Олар әлі кеңестік кезеңде жүр. Қазір Германия, Ұлыбритания, Франция және табыстарға қол жеткізген посткеңестік мемлекеттердің тәжірибесін зерттеп жатырмыз. Соларға қарап, өзімізге қажетті үздік тәжірибені таңдаймыз», - деп өз сөзін түйіндеген еді Елбасы.