Қазақстанда Болгарияның жалған төлқұжатымен сегіз сириялық ұсталған
Қазақстанда Болгарияның жалған төлқұжатымен сегіз сириялық ұсталған
Қазақстанның шекара қызметі жалған Болгария төлқұжаты арқылы Еуропа аспақшы болған сегіз Сирия азаматының ұсталғанын хабарлайды.
Оның алтауы бүгін Алматы әуежайында ұсталған. Оларды Тегеран рейсінен түсірген. Шекара қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, ұсталғандар Еуропалық одаққа шығу үшін Қазақстан аумағын транзит ретінде пайдаланбақшы болған.
Тағы екеуі кеше Астана әуежайында ұсталған. Олар "жақсы өмір іздеп" Ұлыбританияға баруды жоспарлаған екен.
Сирия азаматтары ұшар алдында қолдан жасалған Болгария төлқұжатын көрсеткен.
Сирияда 2011 жылы басталған соғыстан 300 мың адам қаза тауып, миллионнан астамы елдерін тастап, босып кеткен.