Сырға толы Сарайшық

Сырға толы Сарайшық

Сырға толы Сарайшық
ашық дереккөзі
Атырау облысының Махамбет ауданы Сарайшық ауылындағы көне қала орнында қазба жұмыстары басталған кезде алғашқы жәдігерлер табылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат». «Біз жылытуға арналған жақсы сақталған пеші бар үйлердің бірін қазуды бастадық. Алғашқы қолға түскен заттар да бар - ол 18 ғасырдағы тиындар, оның ішінде күміс, бойтұмар, сүйек пен қыштан жасалған бұйымдар бар», - деп хабарлады Атырау тарихи-аймақтық музейінің директоры Рашид Харипов. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Сарайшық қаласы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» нысандарының тізіміне енген. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында мұражай биыл қаланы қазу жұмыстарына кірісті. Соңғы рет бұл жерде жұмыстар 10 жыл бұрын жүргізілген. Археологтар қыркүйектің соңына дейін жұмыс жасайды. Сарайшық қаласын зерттеу бағдарламасы келесі жылы да жалғасады.