Норвегия зейнетақы қорын рекордтық сомаға жеткізді

Норвегия зейнетақы қорын рекордтық сомаға жеткізді

Норвегия зейнетақы қорын рекордтық сомаға жеткізді
ашық дереккөзі
Норвегияның зейнетақы қоры (мұнай табысына байланысты құрылған тәуелсіз инвестициялық қор) 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында өзінің активтерінің құнын 499 млрд кронға дейін арттырған. Доллар эквиваленті бойынша шамамен 63 млрд долларды құрайды. Ал бұл нәтиже инвестициялық қор тарихындағы ең үздік көрсеткіш. Бұл туралы qazaqtimes жариялады.  Norges Bank Investment Management басшысының орынбасарының айтуынша, мұндай рекордтық көрсеткіштегі кіріс қордағы жиналған қаржының көп болуымен байланысты. Осы жылдың екінші тоқсанында қордың активтерінің жалпы құны 8 трлн крон немесе 1 трлн доллардан асқан. Осы уақытта қордың барлық қаржысының 65,1%-ы акцияларға, 32,4%-ы облигацияларға, қалған 2,5%-ы жылжымайтын мүлікке салынған. Норвегия Үкіметі жарты жылда қордың қаржысынан 40 млрд крон алған. Қазіргі кезде елдің мемлекеттік зейнетақы қорының активтерінің жалпы құны 7,7 трлн кронға (972 млрд доллар) бағаланып отыр. Осылайша әрбір норвегиялықтың зейнетақысы орташа есеппен 181 мың доллар болады. Айта кетейік, Қазақстанның да зейнетақы қаржысы да басқа елдердің проблемалы банктерінің облигацияларын сатып алуға жұмсалған. Осыған қатысты дау да туындады. Әзірбайжанның халықаралық банкіне салынған 71,3 млрд теңгеге қатысты Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев "оны бас банктің бұрынғы қызметкерлері салған" деп мәлімдеді.