Биыл 1-сыныпқа 380 мың бала барады
Биыл 1-сыныпқа 380 мың бала барады
Жаңа оқу жылында білім жүйесін ешқандай реформа күтіп тұрған жоқ. Бүгін Астанада Тамыз кеңесіне қатысқан министр Ерлан Сағадиев осылай деді.
Биыл тек былтыр басталған реформаларды түсіндіру, сапасын көтеру жұмыстары жүргізілмек. 2019 жылдан бастап нөлдік сыныптар енгізіледі және жоғары сыныптарда кейбір пәндер ағылшынша оқытылады. Соған дайындық жалғасады, деді министр. Бүгінде 1500 мұғалім тіл курсынан өткен.
Биылғы Тамыз конференциясы "Тед толкс" форматында өтті. Озат ұстаздар өздерінің ерекше тәжірибелерімен бөлісті. Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі: Жалпы білім беру жүйесі жаңа оқу жылына дайын. Барлық маңызды мәселелер бойныша түсіндіру жұмыстары жалғасады. Тағы бір айта кетейін, ірі өзгерістер болмайды. Биылғы ең маңызды жұмысымыз - бекітілген іс-шараларды сапалы деңгейінде іске асыру.